Теміртауда Металлургтер мен Абай қиылысы 15 қазанға дейін жабылды


Теміртауда қаланың ең жүктемелі қиылыстарының бірі — Металлургтер даңғылы мен Абай көшесінің қиылысы уақытша жабылды. Бұл — басты магистралдің күрделі жөндеу жұмыстарының кезекті кезеңі. Қалалық ТКШ бөлімінің хабарлауынша, қозғалыс 15 қазанға дейін шектеледі.