Ғалым Әшімов тұрғындармен кездесті


Қарағанды индустриялық университетінде Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімовтың тұрғындармен кездесуі өтті. Мұндай кездесулер жылына екі рет өтеді — біріншісі жазда болған, ал қазіргісі — екіншісі. Күн тәртібінде — ең өзекті мәселелер: сумен қамтамасыз ету, кәріз жүйесінің жағдайы, жолдардың күйі, көше жарығы, қоғамдық көліктің жұмысы және коммуналдық қызметтердің атқарылуы. Барлық тұрғындар өз сұрақтарын қойып, мәселелерін көтере алды.