«Таза Қазақстан»: Теміртау — таза қала үшін!


«Таза Қазақстан» акциясы аясында 11 қазан күні Теміртауда қалалық сенбілік өтті. Бейжай қарамайтын тұрғындар, жастар мен қала басшылығы бірігіп, көшелерді ретке келтіріп, қаланы абаттандыруға үлес қосты. Жалпы қалалық сенбілікке 1591 адам қатысты. 2303 қап қоқыс жиналып, 47 самосвал шығарылды.