Temirtau Run 2025 — қозғалысты таңда!


Теміртау қаласының 80 жылдығына орай «Бірлік» алаңында жаппай экологиялық Temirtau Run 2025 жүгіру шарасы өтті. Биылғы жылы шараға 700-ден астам қала тұрғындары мен қонақтары, салауатты өмір салтын ұстанушылар қатысты. Temirtau Run 2025 ұйымдастырушылары – Теміртау қаласының әкімдігі мен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі, іс-шара қалалық прокуратураның қолдауымен өтті.