Екінші мүмкіндік: Теміртауда жаңа өмірді қалай бастауға көмектеседі
Теміртауда 25 жылдан астам өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы жұмыс істеп келеді. Мұнда баспанасыз қалған және құжаттарынан айырылған жандарға жоғалтқанын қалпына келтіруге, медициналық тексеруден өтуге, психологтың қолдауын алуға, тіпті жұмыс табуға көмектеседі. Үмітсіздердің тағдырына бейжай қарамаған жандар туралы — келесі сюжеттің өзегінде.