Теміртауда мемлекеттік рәміздерді насихаттаудың әдістері мен түрлері туралы семинар өткізілді


Теміртауда ішкі саясат бөлімі ұйымдастырған «Мемлекеттік рәміздерді насихаттаудың әдістері мен түрлері» атты семинар өткізілді. Іс-шараны Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері жөніндегі облыстық комиссиясының жұмыс тобының мүшесі Шақмарал Майбекова жүргізді. Семинарға қаладағы 30 мектеп пен 22 мектепке дейінгі мекеменің өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік рәміздерді пайдалану үшін жауапты мемлекеттік ұйым қызметкерлері қатысты.

Мұндай кездесулер мамандарға тәжірибе алмасуға және мемлекеттік рәміздерді пайдалану талаптарын нақтылауға мүмкіндік береді.