Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы: шығармашылық арқылы – саналыққа


Теміртауда өткен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты әлеуметтік бейнероликтер байқауы қала жастарын біріктірді. Қатысушылар өз азаматтық ұстанымдарын білдіріп, адалдық пен жауапкершіліктің маңызын шығармашылық арқылы жеткізді. Іс-шара Теміртау қаласының әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.