ҚАЛАЛЫҚ БЮДЖЕТТІ НАҚЫЛДАУ ТУРАЛЫ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Теміртауда қалалық мәслихат сессиясы өтіп, депутаттар Теміртау қаласының 2025 жылға арналған нақтыланған бюджет жобасын қарастырды. Бекітілген бюджетке енгізілетін өзгерістер қалалық бюджет комиссиясында, қоғамдық кеңесте және тұрақты депутаттық комиссияларда жан-жақты талқыланып, мақұлданды. Бюджетті нақтылаудың негізгі мақсаты – Теміртау қалалық бюджетін 2025 жылғы 2 қазанда өткен Қарағанды облыстық мәслихатының 29-сессиясының шешіміне сәйкестендіру.