ҮШ КҮН МЕЙІРІМ: «Шаңырақ» орталығының еріктілері бірлік пен шабыт мектебінен өтті


«Жосалы» сауықтыру кешенінде «Шаңырақ» орталығы үшін жыл сайынғы «Еріктілер мектебі» лагерi өтті. Бұл – адамдарға ақысыз көмек көрсетіп, қаламызды мейірімді етуге үлес қосып жүрген жандарға алғыс ретінде ұйымдастырылған шара.