Бейбітшілік күні қарсаңында — Теміртауда газдандыру жұмыстары аяқталуға жақын
Теміртауда газдандыру жұмыстары жалғасуда. 2020 жылдан бері қалада газ тарату желілерін салу бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылуда. Жұмыстар үш кезекке және сегіз іске қосу кешеніне бөлінген. Бүгінде қаладағы тұрғын үйлердің жартысынан көбі табиғи газға қосылу мүмкіндігіне ие болды.