«Теміртау онжылдықтар ішінде»: қаланың 80 жылдығына арналған айырықша кітаптың тұсаукесері


Теміртау қаласының тарихи-өлкетану мұражайында «Теміртау онжылдықтар ішінде» атты бірегей кітаптың тұсаукесері өтті. Басылым қалалық әкім аппаратының тапсырысымен Теміртаудың 80 жылдық мерейтойына орай жарық көрді. Кітапта 1841 жылы жергілікті аймақ алғаш рет аталған кезеңнен бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихи деректер мен құжаттық материалдар қамтылған.