«JENYS CUP — Огни Магнитки 2025» — алғашқы екі күннің қорытындысы
Теміртауда халықаралық дзюдо турнирі «JENYS CUP — Огни Магнитки 2025» жалғасуда. Бұл жарысқа Қазақстан мен көрші елдерден келген 500-ден астам спортшы қатысуда. Турнир Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Амантай Айдархановтың рухына арналады. QARMET спорт кешені жас дзюдошылардың орталығына айналып, әрбір жекпе-жек көрермендердің назарын аударуда.