«JENYS CUP — Огни Магнитки 2025» — алғашқы екі күннің қорытындысы
Теміртауда дзюдо бойынша халықаралық «JENYS CUP — Огни Магнитки 2025» турнирі жалғасуда. Сайысқа Қазақстан мен көршілес елдерден келген 500-ден астам спортшы қатысуда. Жарыс Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Амантай Айдархановтың рухына арналды. QARMET спорт кешені жас дзюдошылардың нағыз орталығына айналып, әр белдесу көрермендердің назарын өзіне аударуда.