Теміртау қаласының әкімі мердігерлерге бірқатар міндеттерді жүктеді


Теміртау қаласының әкімдігінде қала инфрақұрылымының жағдайы мен дамуына жауапты мердігерлік ұйымдармен кезекті жұмыс жиналысы болып өтті. Бүгінгі таңда мердігерлік ұйымдар жұмыстар жүргізілген көптеген аймақтарда жаяу жолдар мен жол тастарын қалпына келтіру және абаттандыру жұмыстарын жүргізуде.

Абай, Теміртау және Сарыарқа көшелеріндегі жолдарды жөндеу жұмыстары аяқталды. Сарыарқа көшесінде жалпы ұзындығы 3,46 км болатын екі қабат асфальт, сондай-ақ Абай және Теміртау көшелерінде төменгі қабаттар төселді. Әкім мердігер ұйымдарға жол жиегін нығайтып, төсеуді, кіреберістерді және айнала аумақтарды ретке келтіруді тапсырды. Сонымен қатар тұрғындар басшылыққа жүгінген нақты мәселелерді шешуді міндеттеді. Мысалы, жаңадан төселген жаяу жолдардың үстінен өткен жүк көліктерінің кесірінен бұзылуы.

Қалалық мәслихаттың төрағасы Алексей Ломакин өзінің аймағы бойынша – Оң жағалау көшелерін үймелеу туралы мәселені көтерді.

Металлургтер даңғылына келетін болсақ, 26 қазаннан бастап жолдың екі жағында да қозғалыс ашылды. Әкім екі күн ішінде бағдаршамдар орнатуды, жол және жаяу жүргіншілер сызықтарын салуды, жұмыс күшін көбейтуді және жеделдетуді тапсырды.

Жеке талқыланған мәселелердің қатарында қоқыс алаңдарын абаттандыру және аула аумақтарының санитарлық жағдайы болды. Коммуналдық қызметтер мен мердігерлік ұйымдарға тазалықты күшейту және алаңдардан 10 метр аймақтағы тазалықты сақтау тапсырылды.

Сондай-ақ, жолаушылар тасымалы мәселесі қаралды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне және автотасымалдаушыларға, әсіресе қарбалас уақытта, кесте қатаң сақталуын бақылауды тапсырылды.