Қарағанды облысы сайыста жалпы командалық есепте 2-орынға ие болды


Теміртау мен Қарағандының жас боксшылары өз аймағын республикалық деңгейде лайықты түрде танытты. Талдықорған қаласнда өткен Солтүстік-Шығыс аймақтық біріншілігі елдің ең мықты спортшыларын жинап, республикалық жарыстарға дайындықтың маңызды кезеңі болды. Сонымен қатар, Теміртаудан шыққан боксшы ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Вел Баркер кубогының иегері, ҚР спорт шебері Серік Сәпиевтің жүлдесіне арналған Қарағандыдағы халықаралық турнирге қатысты.