Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «РЭС Темиртау»    ЖШС-нің электр энериясын беру қызметтері бойынша тариф жобасын талқылау жөніндегі қоғамдық тындаулардың өткізілетіні туралы хабарлайды.

Қоғамдық тындау тарифтерді бекіту немесе өзгерту жөніндегі өтінімдерді қарау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген міндетті рәсім болып табылады. Оларды өткізу тұтынушылардың пікірін ескеру және тарифтерді бекіту кезіндегі әділдік қағидалардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Қөғамдық тындау 2025 жыл 28 қарашада сағат 10:00-де мына мекенжайда өткізіледі: Қарағанды облысы, Темиртау қаласының Мәдениет сарайы, Республика даңғылы, 38 ғимараты.

Департамент мәслихат депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдардың өкілдерін, мемлекеттік органдарды, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдардың және басқа да мүдделі тұлғаларды қоғамдық тындауға қатысуға шақырады.

Сонымен қатар, РЭС Темиртау» ЖШС-нің  тұтынушылары және өзге де мүлделі тұлғалар қоғамдық тындауға  Департаменттің Facebook әлеуметтік желідегі ресми парақшасы арқылы  онлайн-режимде де қатыса алатындарын хабарлаймыз.

Сілтеме: (https://www.facebook.com/dkrem.krg)

Әрбір қалаушы онлайн-режимде өз сұрақтарын қойып, оларға жауап ала алады.

Сонымен қатар, Үкімет жүргізіп жатқан тарифтердің өсуін тежеу жұмыстары аясында 2026 жылдың бірінші тоқсанның соңына дейін халық үшін табиғи монополия субъктілерінің қызметтері бойынша тарифтердің көтерілуі жоспарланбайтынын атап өтеміз.

Қосымша сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласуға болады: 8 (7212) 90-03-46