Теміртауда көпқабатты үйлердің газбен жабдықталуына бақылау күшейтілуде
Теміртауда көпқабатты тұрғын үйлердің газбен қамтылуына қатысты мәселелерді реттеу жұмыстары жалғасуда. Әлеуметтік мәселелер жөніндегі қала әкімінің орынбасары Ринат Қыдырбеков «ГазИмпекс» компаниясымен жүргізіліп жатқан келіссөздердің жайын, тарифтерге байланысты жағдайды, үйішілік газ желілерінің қызмет көрсетуін және заңсыз қосылу мәселесін түсіндірді. Сондай-ақ халыққа газ баллондарын жеткізетін фирмаларды бақылау мәселесі талқылануда.