Привольная көшесінің тұрғындары жолсыз және сусыз қалудан қорқады


Привольная көшесінің тұрғындары жаңа су құбырын тарту жұмыстарының сапасына алаңдауда. Жұмыстар желтоқсан айында, аязды ауа райында басталды, тұрғындардың айтуынша, технологиялар мен қауіпсіздік талаптары сақталмай жүргізілуде.