Теміртау қалалық көпбейінді ауруханасында жаңа КТ-аппараты іске қосылды
Теміртаулықтар Жаңа жыл қарсаңында маңызды сыйлық алды. Теміртау қаласының көпбейінді ауруханасында отандық өндірістің заманауи компьютерлік томографы жұмыс істей бастады. Енді күрделі тексерулерден өту үшін өзге өңірлерге барып, уақыт кетірудің қажеті жоқ – барлық қызмет қаламызда қолжетімді.