Сара Қостаева: 6 бала, 30 немере және бір биік шаңырақ
«Бақыт тыныштықты тілейді» дейді, бірақ теміртаулық Сара Қостаеваның шаңырағында бұл сөздің мәні бөлек. Мұндағы бақыт – дастархан басында ағайынның басы қосылып, немере-шөберенің күлкісіне кенелу. Бүгінгі бағдарламамыздың кейіпкері – алты бала өсіріп, отыз немере мен шөберенің қызығын көріп отырған ардақты ана Сара Қостаева.