Каратэ шыршасы ЛИБО Теміртау каратэ спортшылары жылды қорытындылады


Жаңа жыл қарсаңында Теміртауда үздік каратэшілер марапатталды. Спортшылар үшін 2025 жыл ерекше табысты болды: Қазақстан чемпионаттарындағы жүлделерден бастап, Токиодағы халықаралық турнирдегі жеңіске дейін жетті. 2025 жылдың қорытындысы қалалық Мәдениет сарайында өтті. Мұнда спорттық марапаттармен бірге жаңажылдық сыйлықтар да табыс етілді.