Теміртауда Ұлттық ұлан күні аталып өтті


Теміртауда Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Бұл шара 5516 әскери бөлімінде ұйымдастырылып, онда жеке құрам, қызмет барысында ерекше көрсеткіштерге қол жеткізген әскери қызметшілер мен қызмет ардагерлері құрметке ие болды. Олар қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қорғаудағы еңбектері үшін марапатталды.