Алаяқтардың құрбаны да, сыбайласы да болып қалмаудың жолдары


Бүгінде ғаламтордағы алаяқтық Қазақстандағы ең кең таралған қылмыс түрлерінің біріне айналды. Алаяқтар «жалған инвестициялардан» бастап өзін «қауіпсіздік қызметінің қызметкері» ретінде таныстыратын қоңырауларға дейін түрлі айла-тәсілдерді қолдануда. Соңғы тіркелген деректер мен қорғану жолдары туралы Теміртау қаласының киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімінде баяндалды.