8-ші шағын аудандағы апаттық жұмыстар аяқталды: үйлерге жылу беріле бастады


«Оқжетпес-Т» ЖШС мамандары бүгін 8-ші шағын аудан мен Отрадное ауданының тұрғындарын жылусыз қалдырған жылу желісіндегі ақауды жедел түрде жойды. Қазіргі уақытта желіні сумен толтыру жұмыстары жүріп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, апат соңғы екі жылда жүргізілген жөндеу жұмыстары кезінде ауыстырып үлгермеген 100 метрлік аймақта орын алды. Жақын арада тұрғын үйлердегі температуралық режим тұрақтандырылуы тиіс.