Бизнес пен ПИК үшін кедергісіз өрт қауіпсіздігі
«Amanat» партиясының филиалында өрт қауіпсіздігі мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Бір үстел басында Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері, кәсіпкерлер, сондай-ақ ПИК және МИБ өкілдері бас қосты. Кездесудің басты мақсаты — мемлекеттік бақылау кезіндегі құқықтар мен міндеттерді, сонымен қатар өрттің алдын алу шараларын түсіндіру.