Кішкентай науқастарға көмек: Педиатрия орталығы қалай жұмыс істейді


«Теміртау қаласының көпбейінді ауруханасы» ШЖҚ-дағы КМК педиатрия орталығы өз жұмысын жалғастыруда. Мекеме қаланың балаларды емдеудегі қажеттіліктерін түрлі бағыттар бойынша — неврологиядан бастап реанимацияға дейін өтеп отыр. Мұнда жоспарлы оңалтумен ғана емес, сонымен қатар шұғыл медициналық көмек көрсетумен де айналысады. Біздің түсірілім тобымыз орталықтың жұмыс барысымен және дәрігерлер қолданатын әдіс-тәсілдермен танысты.