Интеллектуалды мұра — тоғызқұмалақ
«AMANAT» партиясының «Ұлттық мұра» жобасы аясында Жастар үйінде тоғызқұмалақтан қалалық турнир өтті. Жарысқа ұлттық ойынның әр түрлі жастағы әуесқойлары жиналды. Қатысушылардың қатарында қала мектептерінің оқушылары мен студенттер бар.