Шығармашыл адам — Валентина Кутлуева
Бүгін «Біздікілерді таны!» айдарында біз сіздерді Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының әдіскері — Валентина Кутлуевамен таныстырамыз. Үш жоғары білімі бар ол қатаң әдістемелік жұмыс пен бала күнгі табиғат көріністеріне және көркем сөзге деген махаббатын шебер ұштастырып жүр. Анасының қолдауы өнерге деген құштарлықты қалай өмірлік іске айналдырғаны және туған қаласы Теміртаудың оның тағдырындағы рөлі туралы — біздің хабарымызда.