«Мұқағали әлемі»: Теміртауда ұлы ақынды еске алды


4 ақпан күні Тұңғыш Президенттің Тарихи-мәдени орталығында «Мұқағали әлемі» атты поэзия кеші өтті. Шара қазақтың біртуар ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына арналды. Шығармашылық кездесуге зиялы қауым өкілдері, студенттер мен классиктің шығармашылығын сүйіп оқитын қауым қатысты.