Әскери ант қабылдау рәсімі
Ұлттық ұланның 5516 әскери бөлімінде жас сарбаздар Отанға адал болуға ант берді. 2-2025 шақырылымының әскери қызметшілері елді лайықты қорғауға және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге салтанатты түрде ант қабылдады. Шараға бөлім қолбасшылығы, ардагерлер және сарбаздардың жақындары қатысты.