Теміртау мен Ақтауда 1193 көпқабатты үй бар — олардың көпшілігінің салынғанына 40 жылдан асқан.


Теміртау әкімдігінде кезекті аппараттық кеңес өтті. Негізгі тақырып — тұрғын үй инспекциясы бөлімінің қызметі мен көпқабатты тұрғын үйлердің қазіргі жай-күйі. Жиында талқыланған басты мәселе — қаладағы үйлерді жаңғырту бағдарламасын іске қосуға дайындығы болды.