Тарихи-мәдени орталықта мектептер мен мектеп мұражайларына арналған семинар өтті
11 ақпанда Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында «Экскурсиялық қызметтің заманауи түрі» атты семинар өтті. Шараға қала мектептерінің өкілдері қатысты. Шеберлік сағаты мектеп мұражайын ашуды жоспарлап отырған және осы жобаны жүзеге асыру үшін қажетті білім алуға келген жандарға арналды.