Ауған соғысының ардагерлері ҚарИУ студенттерімен кездесті
Жыл сайын Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күні қарсаңында Қарағанды индустриялық университеті жауынгер-ардагерлердің қатысуымен шығармашылық форматтағы кездесу ұйымдастырады. Шараның басты мақсаты — Отан шегінен тыс жерде өз борышын өтеген сарбаздардың ерлігін ұлықтап, есте сақтау.