Мәжіліс пен мәслихат депутаттары теміртаулықтарға жаңа Конституция жобасының негіздерін түсіндірді
Теміртауда Мәжіліс және облыстық мәслихат депутаттары қаланың еңбек ұжымдарымен түсіндіру кездесулерін өткізуде. Басты назарда — жаңа Конституция жобасы және 15 наурызға белгіленген алдағы референдум. Депутаттар қала тұрғындарының Негізгі заңдағы маңызды өзгерістер туралы сауалдарына жауап беру үшін өнеркәсіп орындары мен медициналық мекемелерді аралады.