1 наурызға дейін: Теміртау кәсіпкерлері салық режимін таңдауы тиіс


Қазақстанда арнайы салық режимдерін қолдану ережелері өзгерді. Оңайлатылған декларация бойынша жұмыс істеуді жоспарлап отырған жеке кәсіпкерлер 1 наурызға дейін тиісті режимді қолдану туралы хабарлама жіберуі қажет. Жібермеген жағдайда олар автоматты түрде жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне ауыстырылады.