Теміртауда қазақ тілін үйренудің авторлық әдістемесі таныстырылды


Ересек жаста қазақ тілін меңгеру — әбден мүмкін. Теміртауда мемлекеттік тілді үйренудің жеке жүйесін жасап шыққан елордалық лингвистің шеберлік сағаты өтті. Кітаптың таныстырылымы мен ашық диалог еркін сөйлеуді және тілдік кедергілерден арылуды қалайтын жандардың басын қосты.