Qarmet бизнеспен ынтымақтастықты ШОБ кластері мен Qpartners.kz платформасы арқылы кеңейтуде


«Ақ жол» демократиялық партиясының бастамасымен Qarmet креативті технологиялар орталығында қала құраушы кәсіпорын өкілдері мен еліміздің өңірлік бизнес-қоғамдастығы арасында кездесу өтті. Басты мақсат — бизнес өкілдерін компания жүзеге асырып жатқан жобалармен, сондай-ақ жергілікті мазмұнды дамыту мен ел ішіндегі құндылықты арттыру тәсілдерімен таныстыру.