Теміртауда түнгі қар мен боранның салдары жойылып жатыр


10 наурызға қараған түні өңірді басқан қалың қар мен бораннан кейін мердігер ұйымдар күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Қазіргі уақытта қала көшелерінде 43 жұмысшы мен 31 бірлік арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Негізгі міндет — көлік пен жаяу жүргіншілер жолдарын және аялдамаларды тазарту. Жұмыс барысы туралы біздің хабарымызда.