Мемлекеттік әнұранның бастауымен


Референдумда дауыс беру таңғы сағат жетіде Мемлекеттік Әнұран әуенімен басталды. Дауыс беру процесі Қазақстан Республикасының заңнамасына қатаң сәйкестікте ұйымдастырылды. Процедураның ашықтығын сенімді тұлғалар мен тәуелсіз байқаушылар қадағалады. Қарағанды индустриялық университетінің ғимаратында орналасқан №265 сайлау учаскесі референдумның белсенді алаңдарының біріне айналды.