Наурыз қарсаңында Соцгородқа газ берілді
Теміртауда соцгород ауданын табиғи газға қосу жұмыстары аяқталды. Енді 817 абонент газбен жабдықтау жүйесіне қол жеткізе алады. 28 шақырымнан астам жаңа газ құбыры желілері тартылып, 13 заманауи газ реттегіш пункті орнатылды.