Мерекелік таң: QARMET өндірісіндегі Наурыз
«QARMET» акционерлік қоғамының қызметкерлері үшін Наурыз мерекесі таңғы сағат алтыдан басталды. Кәсіпорынның бақылау-өткізу бекеттерінде киіз үйлер тігіліп, ауысымға келген және жұмыстан қайтқан жұмысшыларды ыстық бауырсақпен және оркестрдің жанды дауыстағы әуенімен қарсы алды.