Ерте көмек: Теміртауда балалар денсаулығына алғашқы айлардан бастап қалай күтім жасайды?
Теміртау қаласының Көпбейінді аурухана емханасында балалардың денсаулығындағы кінәраттарды ерте кезеңде анықтауға және емді дер кезінде бастауға көмектесетін кабинеттер жұмыс істейді. Даму диагностикасынан бастап, ағзаның сусыздануынан кейінгі қалпына келтіру шараларына дейін — мұның бәрі бір жерде қолжетімді.