Жертөлелерді әлі де су басуда


Республика 91, 93 және 95 мекенжайларындағы кәріз мәселесі әлі де шешімін таппай тұр. Тұрғындардың алғашқы шағымынан кейін бір апта өтсе де, түсірілім тобы оқиға орнына қайта барды. Жұмысшылар жертөледегі суды құдыққа айдап жатқанда, ол қайта кері ағып келуде. Кіреберістерде қолқаны қабатын иіс пен ылғал орнап, темір есіктердің өзі тат баса бастаған.