Жылыту маусымы қашан аяқталады?


Теміртау жылыту маусымын аяқтауға дайындалып жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, пәтерлердегі жылу 20 сәуірден кейін тоқтатылады. Жылыту маусымы аяқталған бойда қалада магистральдық және орамішілік желілерді реконструкциялау бойынша ауқымды жоба басталады, ол бірден бірнеше шағын ауданды қамтиды.