Төрт қысқартылған жұмыс аптасы: Қазақстандағы мамыр айының демалыс күнтізбесі
2026 жылдың мамыр айында мерекелерге байланысты қазақстандықтар төрт қосымша демалыс күніне ие болады.
Көктемнің соңғы айында Қазақстанда келесі мемлекеттік мерекелер атап өтіледі:1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні; 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні; 9 мамыр – Жеңіс күні. Сондай-ақ, 2026 жылы Құрбан айттың бірінші күні 27 мамырға сәйкес келгендіктен, бұл күн де демалыс болып саналады.
9 мамыр сенбіге сәйкес келеді, сондықтан демалыс күні 11 мамырға дүйсенбіге ауыстырылады.
Қорынтынды шығарсақ, бес күндік жұмыс аптасымен істейтін қазақстандықтарды мамыр айында 14 демалыс күні күтіп тұр. Осылайша, төрт жұмыс аптасы (сәуірдің соңын қоса алғанда) қысқартылған болады.