Мүмкіндігі шектеулі Теміртаулық тұрғын табылды: автобус жүргізушісінің әрекеті тексерілуде


 «Қарағанды – Теміртау» бағытындағы №100 автобуста орын алған даулы оқиға жалғасын тапты. Естеріңізге сала кетейік, осы жағдайдан кейін мүмкіндігі шектеулі жолаушы жоғалып кеткен болатын. Теміртау қаласының 20 жастағы тұрғыны Александр Перхин аман-есен табылды, алайда оқиғаның мән-жайын енді құқық қорғау органдары тексеріп жатыр.