Қарағанды облысы туристік маусымға дайындалуда


Қарағанды облысы алдағы туристік маусымға қызу дайындық үстінде. Негізгі назар инфрақұрылымды ауқымды дамытуға қойылған: жол құрылысынан бастап, шалғайдағы демалыс аймақтарын тұрақты байланыспен және интернетпен қамтамасыз етуге дейін. Көліктік қолжетімділікке, соның ішінде Балқаш бағытындағы теміржол қатынасы мен әуе бағытына ерекше көңіл бөлінуде.