Құрметті қала тұрғындары!
Сіздерді Ұлы Отан соғысы батырларының рухына тағзым етуге арналған «Мың алғыс» патриоттық акциясына қатысуға шақырамыз.
Акция аясында қала тұрғындарына Ұлы Отан соғысына қатысқан туған-туыстары мен жақындары туралы сыр шертуді ұсынамыз: олардың естеліктерімен, мұрағаттық фотосуреттерімен бөлісіп, ардагерлердің майдандағы немесе еңбек жолындағы ерліктері туралы баяндауға болады.
Бұл — Жеңімпаз ұрпаққа алғыс білдіріп, «Мың алғыс!» айтудың тамаша мүмкіндігі. Батырлардың ерлігі туралы естелік әр отбасының жадында, біздің жүрегімізде және ел тарихында мәңгі сақталсын.
Акция «Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын іске асыру шеңберінде өткізілуде.
Материалдарыңызды +7 747 308 7191 нөмірі бойынша күтеміз.
Туғандарыңыздың естеліктерін жіберіңіз, ерлігін бүкіл қала танысын!