Бірлік дәмі: жүз ұлтқа дастархан


29 сәуір күні Жастар орталығында Қазақстан халқының бірлігі күні атап өтілді. Шараны Теміртау қаласының Ішкі саясат бөлімі мен «Азаматтық бастамалар орталығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Орталық қабырғасында ұлттық тағамдар фестивалі өтті. Түрлі этномәдени бірлестіктердің өкілдері өздерінің үздік аспаздық дәстүрлерін паш етіп, халқымыздың ынтымағы мен қонақжайлылығын көрсетті.