Комбинатта өткен ғұмыр: Әлішер Жақыпбеков 75 жасқа толды


«Qarmet» АҚ металлургия комбинатының ардагері және этно-мәдени бірлестігінің жетекшісі Әлішер Жақыпбеков 75 жасқа толды. Әлішер Маханбетжанұлының қарапайым жұмысшыдан этно-мәдени бірлестік басшысына дейінгі өмір жолы туралы хабарымызда баяндаймыз.